$ 494.87  520.65  4.91

Павлодарлық ер адам әйелінің құрбысын пышақтап тастады

Қайтыс болған Светлана Лихоманова 25 жаста болған. Екі айдан кейін тұрмысқа шығуды жоспарлаған ол, тіпті той көйлегімен фотосессия да жасаған екен.
Фото: Zakon.kz
Фото: Zakon.kz

Павлодар облысында қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әйелінің құрбысын өлтірген 32 жастағы ер адамға үкім шығарды, деп хабарлайды Stan.kz.

Айта кетсек, бұл қайғылы оқиға өткен жылдың қазан айында болған. Ер адам әйелін үздіксіз соққыға жығып келген. Бір күні қорлыққа шыдай алмаған әйелі балаларды алып, үйінен кетіп қалған. Алайда ер адам әйелін іздеп, оның әпкесінің үйіне барады. Өзіне есік ашпайтынын біліп, ол балконның терезесінен кірген. Сол уақытта үйде әйелінің әпкесінен бөлек, балалары және құрбысы болған. Құрбысы есіктен шығып бара жатып, шуды естиді. Сол уақытта ол әйел мен балаларды таксиге салып жіберіп, артынша өзі отырмақ болады. Бірақ артынан қуып жеткен ер адам оның бірнеше жеріне пышақ салған. Ер адам сотта өзінің қасақана өлтірмегенін айтқан. Бірақ тексеру барысында әйелінің құрбысын әдейі өлтіргені анықталды.

«Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігімен қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 12 жылға бас бостандығынан айырылсын. Жазасын түрмеде өтесін», - деді үкімді оқыған судья Қадырбек Сатабаев.

Сондай-ақ, сот айыпталушыға марқұмның әкесімен мен шешесіне бір миллионнан өтемақы төлеуге айыппұл салды.

Қайтыс болған Светлана Лихоманова 25 жаста болған. Екі айдан кейін тұрмысқа шығуды жоспарлаған ол, тіпті той көйлегімен фотосессия да жасаған екен. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары