Алматыда тергеу соты әйелін ұрып соқты деген күдікпен ұсталған Бауыржан Ашығалиевті 2 айға қамауға алу туралы санкция шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.
«Қалалық тергеу соты күдікті Бауыржан Ашығалиевті 2 айға қамау алу туралы бұлтартпау шарасын санкциялады. Оған кепілмен босап шығуға тыйым салынды. Сонымен қатар, оған ҚР ҚК 24-бабының 3-бөлімімен, 126-бабы 2 бөлімінің 1-тармағымен көзделген қылмыстарды жасады деп айып тағылды», - деді қалалық соттың баспасөз қызметінен.
Мұның алдында Jacpot тобының әншісі Ксения Ашығалиева өзінің күйеуі Бауыржан Ашығалиевтің ұрып-соққанын айтып Фейсбуктегі #НеМолчиKZ тобына шағымданған еді.