02.08.2019, 15:00

«Қағазбастылықпен айналысудың қажеті жоқ»: елорда әкімі жұмысына салғырт қарайтын әріптестерін сынады

Қабылдау барысында аудан әкімдері мен басқарма басшыларының және олардың орынбасарларының тұрғындарға әрдайым ақпаратты толық жеткізбейтіні және жүргізіліп жатқан жұмыс жоспарлары мен көмек көрсету шаралары туралы қарапайым тілде түсіндірмейтіні анықталды.

Қала әкімі Алтай Көлгінов азаматтарды кезекті қабылдау өткізді. Тұрғындар дәрі-дәрмек, білім алуға, балабақшаға жолдама алуға, жұмыс табуға және жеке ісін дамытуға көмек сұрап келді, деп хабарлайды Елорда Инфо. 

Қабылдау барысында аудан әкімдері мен басқарма басшыларының және олардың орынбасарларының тұрғындарға әрдайым ақпаратты толық жеткізбейтіні және жүргізіліп жатқан жұмыс жоспарлары мен көмек көрсету шаралары туралы қарапайым тілде түсіндірмейтіні анықталды. 

Нұргүл Иманғалиеваның айтуынша, бұған дейінгі қабылдау кезінде олар әйел адамды қабылдамаған және жаңбыр кезінде баламен бірге ғимараттан шығарып жіберілген. 

Кезегі келгенде Асқар Бекмағамбетов өзінің мәселелерімен бөлісті. Айтуынша, оның отбасымен бірге тұрып жатқан «Селикатный» тұрғын алабындағы үй апатты жағдайда деп танылған. Қазіргі уақытта онда 50-ге жуық адам тұрады екен. 

«Қазірдің өзінде кіреберістің бір есігі сынған. Біз үйіндінің астыңда қалып қоямыз ба деп қорқамыз. Бізге үйімізді қашан құлататынын және қай уақытта көшіретінін айтпайды», – деді А. Бекмағамбетов.

Бұл тұрғыда Алтай Көлгінов «Селикатный» тұрғын алабындағы үйлерге баруды жұмыс кестесіне енгізді. Қала басшысы әріптестеріне халықпен нақты кері байланыс орнату қажет екенін атап өтті. 

«Жұмысқа деген қатынасты өзгертіңіздер. Біз халықпен бірге болуымыз керек. Адамдарға қарапайым  ортақ тілмен түсіндіріп, олардың өтініштерін зейін қойып тыңдау керек. Олар бізге өздерінің шешілмей жүрген мәселелерін айтып көмек сұрап келеді. Сол кезде қағазбастылықпен айналысудың керегі жоқ. Жұмыстарыңызға деген көзқарасты өзгертіңіздер. Жауапкершілікті бір-бірлеріңізге жүктей бермей, хабарлап, айтып жұмыс істеу керек», – деді А.Көлгінов. 

Айта кетсек, бір ай ішінде қала басшысы 200-ден аса адамды қабылдады.