Мемлекет басшысы Шымкент қаласының жаңа әкімі Ерлан Айтахановты қабылдады, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
Тоқаев Шымкент қаласының жаңа басшысына қаланың әлеуметін арттыру бағытында тапсырмалар берді.
«Қазақстан Президенті жаңа әкімнің Түркістан облысынан қалаға қосылған елді-мекендерге жол салу, газ тарту, электр жарығымен және ауыз сумен қамту бойынша жоспарымен танысты.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Ерлан Айтахановқа қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді», - деп жазылған хабарламада.