$ 494.87  520.65  4.91

Алматы билігі көше экрандарын азайтуды қолға алды

Қаладағы 18 LED-дисплей жүргізушілердің көзін қарықтырып, жол жүруіне кедергі келтіретін болып шықты.
Фото: ҚазАқпарат
Фото: ҚазАқпарат

Алматы билігі жол апатына әкеп соқтыруы ықтимал көше экрандарын азайтуды қолға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  Атап айтқанда, Open Almaty қоғамдық қабылдауына жүргізушілерден көп шағым түскен. Қаладағы 18 LED-дисплей жүргізушілердің көзін қарықтырып, жол жүруіне кедергі келтіретін болып шықты.

«Vision Zero Almaty жол қауіпсіздігі концепциясының аясында Алматы көлік холдингі 10 дисплейді өздері өшірді. Бұл жұмыстар түнде жүргізіліп жатыр. Себебі, экрандарды өшіру үшін күндіз жолдарды жабуға тура келеді. LED-экрандағы суреттер жүргізушілердің назарын аударады. Сонымен қатар, кейбір конструкциялардың орналасу биіктігі жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарына сай келмейді», - деді әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары