Алматыда ағасын ұрыдан қорғамақ болған жігітті пышақтап кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Алматыда ұрылар ұялы телефонын тартып алмақ болған туысқанына көмектескен жігіттің жүрегіне пышақ қадап, өлтіріп кетті. Бұл туралы қалалық полиция бөлімшесінің баспасөз орталығы хабарлады.
Полицияның мәліметінше, 2 тамыз күні түсте 53 жастағы ер адам үйінің жанындағы көшелердің бірінде серуендеп жүрген. Оған белгісіз біреу келіп, ұялы телефонын тартып алуға тырысқан. Сол кезде зардап шегуші өзінің інісін шақырып, жас жігіт пен ұрлықшылардың арасында төбелес болған. Нәтижесінде жәбірленушінің жиені пышақ жарақатын алады.
"Оқиға туралы дабыл сигналы 102 контроллеріне жіберілгеннен кейін, жедел іздестіру шаралары қызметтік-іздестіру итінің көмегімен ұйымдастырылды. Аймақ толығымен тексеріліп, үйлердің біріндегі моншаның төбесінен күдікті табылды. Айта кететін жайт, қылмыскерді құрықтау барысында оның қолында пышақ болған. Ол департамент қызметкерлерімен де төбелесуге тырысқан", - деді Алмалы аудандық полиция бөлімінің бастығы полковник Танат Назанов.