$ 498.34  519.72  4.85

Алматы облысында 28-дегі бойжеткенді зорлады деп айыпталған Өзбекстан азаматына іздеу жарияланды

Күдіктінің қайда тұратыны белгісіз әрі құжаттары жоқ.

Алматы облысы Іле ауданында қыз зорлады деген күдікке ілінген ер адамға іздеу жарияланды. Бұл туралы Facebook-тегі "НеМолчиKz" парақшасы хабарлады.

Күдіктінің қайда тұратыны белгісіз әрі құжаттары жоқ.

Оқиға Алматы облысы Іле ауданында болған. Полицейлер күдіктінің 1990 жылғы Өзбекстан азаматы екенін хабарлады. Аты-жөні Саламат Сексенов.

«Күдіктіге Іле ауданының 28 жастағы тұрғынын зорлады деген айыппен мемлекетаралық іздеу жарияланды. Сондай-ақ қамауға алу бұлтартпау шарасы таңдалған», - деп хабарлайды Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Айта кетейік, қылмыс 2018 жылдың мамыр айында жасалған.

Қандай да бір ақпарат білетіндер: +7 705 151 00 00, + 7 702 407 76 05 немесе 102пультіне хабарласса болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары