Алматы облысы Іле ауданында қыз зорлады деген күдікке ілінген ер адамға іздеу жарияланды. Бұл туралы Facebook-тегі "НеМолчиKz" парақшасы хабарлады.
Күдіктінің қайда тұратыны белгісіз әрі құжаттары жоқ.
Оқиға Алматы облысы Іле ауданында болған. Полицейлер күдіктінің 1990 жылғы Өзбекстан азаматы екенін хабарлады. Аты-жөні Саламат Сексенов.
«Күдіктіге Іле ауданының 28 жастағы тұрғынын зорлады деген айыппен мемлекетаралық іздеу жарияланды. Сондай-ақ қамауға алу бұлтартпау шарасы таңдалған», - деп хабарлайды Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, қылмыс 2018 жылдың мамыр айында жасалған.
Қандай да бір ақпарат білетіндер: +7 705 151 00 00, + 7 702 407 76 05 немесе 102пультіне хабарласса болады.