02.08.2019, 21:41

Павлодарда қатты дауыл ғимарат шатырларын жұлып әкетті

Ауа температурасы орташа деңгейде сақталады.

Облыс орталығында бірқатар нысандардың шатыры табиғаттың тосын мінезіне төтеп бере алмай қалды. Бұл туралы pavlodarnews.kz сайтында хабарланды.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, Астана көшесі, 143 мекенжайы бойынша «Дом печати» және Зеленстрой шағын ауданындағы Дөнентаев көшесі, 3 мекенжайы бойынша жеке тұрғын үйдің шатырлары ұшып кеткен.

«Әзірге басқа мекеме-ұйымдар мен аудандардан дауыл салдарынан зардап шеккені туралы хабарлама түспеді. Қазіргі таңда ТЖД қызметкерлері мен техникалар оқиға орнына шығуда», - дейді департаментте.

Әлеуметтік желі қолданушылары қаланың басқа нүктелерінен де ұшып кеткен шатырлар түсірілген суреттер мен видеоларды жариялауда. Әзірге дауыл салдарынан келтірілген шығын көлемі белгісіз.

Айта кетерлігі, «112» қызметі Павлодар облысында 2 тамыз күні желдің ұйытқуы секундына 15-28 метрге дейін жететіні туралы ескерткен болатын. «Қазгидромет» РМК мәліметтеріне сәйкес, Павлодар облысында тамыз айының басы жаңбырлы болады деп күтілуде. Ауа температурасы орташа деңгейде сақталады. Норма бойынша +18 және +21 градус. Жауын-шашын кейбір жерлерде нормаға жақын және кей жерлерде нормадан жоғары болады.

Дереккөз: BAQ.KZ

Тегтер: Павлодар