$ 494.87  520.65  4.91

Ақмола облысында «Сапалы және арзан!» жәрмеңкесі өтті

Ақмола облысының әкімдігі Көкшетау қаласында «Сапалы және арзан!» деген атпен отандық өнімдердің ауылшаруашылық жәрмеңкесін  ұйымдастырды.

Жәрмеңкеге Астрахан, Егіндікөл, Есіл, Жарқайың аудандары және Көкшетау қаласының ауыл шаруашылығы тауар өндіруші компаниялары  қатысты.

Осынау шараға Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин де барып, бағалардың көрсеткішін өзі көріп қайтты. Өңір басшысы жәрмеңкенің мақсаты тұрғындарды арзан әрі сапалы өнім сатып алуға мүмкіндік беру екендігін айтты.

«Аудандардан бөлек бұл жерде «Есіл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияның өнімдері де бар. Мен жаңа осы корпорация өнімдері сатылатын жерде адамдардың ең көп кезек күтіп тұрғанын байқадым. Корпорация көтерме бағамен қант, жарма, макарон өнімдерін, күнбағыс майын сатуда. Біз бұл өнімдерге бағаны көтермейміз. Сондай-ақ нанның бағасын да қадағалаймыз. Әлеуметтік нанның бағасы 55-60 теңгеден аспауы керек. Бүгінде біз жаңа жылдан кейін нан бағасының күрт қымбаттап кетуін болдырмау үшін бюджеттен қаражат қарастырып жатырмыз», – деді.

Жалпы осы күні барлығы 111,1 млн. теңгеге 270 тонна азық-түлік өнімі жұртшылық назарына ұсынылды.

Атап айту керек, жәрмеңкеде саудаланатын өнім бағасы базар бағасынан 25-30 % арзан болды.

Облыс әкімі жиналған тұрғындарға жаңа жылдық мерекеге азық-түлік өнім қорын қамдап алулары үшін дәл осындай жәрмеңкені жыл аяғына дейін тағы бір рет өткізуге уәде берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары