Францияның оңтүстігінде ірі орман өртін өшіру кезінде өрт сөндіру ұшағы апатқа ұшырады.
BFMTV телеарнасының Гар өрт сөндіру департаментіне сілтеме жасап хабарлауынша, ұшақ Женерак қаласы аумағына құлаған.
Оның бортында қанша адамның болғаны әзірге белгісіз. Әуе апаты болған жерде құтқарушылар командасы жұмыс істеп жатыр.
Ал Agence France-Presse деректеріне қарағанда, Tracker 22 ұшағының ұшқышы қаза тапқан. Агенттіктің хабарлауынша, ұшақ жерге қатты соғылған. Оқыс оқиғаны көргендердің сөздеріне қарағанда, бірнеше рет қатты жарылыс естілген.
Женерак ауданындағы өрт аптаның басында басталған. Олар сөндірілген, бірақ жұма күні Ним қаласының түбінде қайта өршіген.