Өскеменде 17 жастағы бойжеткен өгей әкесіне қатысты адам шошырлық оқиғасымен бөлісті. Анасының жолдасы қызды әбден азғырып, төсекке сүйрепті.
«Мені өтірікші деп сөгетіндеріңізді білем. Айтқаныма ешкім сенбейтінін де білем. Анам да сенбес. Сол үшін жазып отырмын.
Бірде душқа кіргенімде өгей әкем артымнан кіріп келді. Үстімде дым жоқ еді. Айқалап жіберіп едім. Шығып кетті. Анам түнде кафеде жұмыс істейді. Душтан шығып, бөлмеме бардым. Бір кезде жаныма кеп, әр жерімнен сүйді. Мен қатты қорықтым. Не болғанын да түсінбедім. Бір есімді жисам, төсегім қан-қан. Содан бері бұл жағдай бірнеше рет қайталанды. Не істесем болады? Айтыңыздаршы?», - деп қыз бала İnstagram әлеуметтік желісіндегі парақшалардың бірінде ақыл сұрады.