Елордада «Сенсата Парк» ТК құрылыс алаңында мұнара краны құлады. Абырой болғанда машинист кабинадан шығып үлгерді, деп хабарлайды BNews.kz.
Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, оқиға 3 тамыз күні сағат 9:24-те болған.
Құрылыс нысаны «Sensata Construction» ЖШС-не тиесілі.
Оқиғадан зардап шеккендер жоқ.