04.08.2019, 00:09

Елордада құрылыс алаңындағы кран құлады

Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, оқиға 3 тамыз күні сағат 9:24-те болған.

Елордада «Сенсата Парк» ТК құрылыс алаңында мұнара краны құлады. Абырой болғанда машинист кабинадан шығып үлгерді, деп хабарлайды BNews.kz.

Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, оқиға 3 тамыз күні сағат 9:24-те болған.

Құрылыс нысаны «Sensata Construction» ЖШС-не тиесілі.

Оқиғадан зардап шеккендер жоқ.

Тегтер: кран