АҚШ-тың Техас штатындағы Эль-Пасо қаласындағы сауда орталығында болған атыста зардап шеккен қазақстандықтар жоқ. Осындай ақпаратты ҚР Сыртқы істер министрлігі таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.
«Америкалық тараптың алдын ала берген ақпаратына сәйкес, зардап шеккендердің ішінде Қазақстан азаматы жоқ», - деді СІМ-нің ресми өкілі Айбек Смадияров.
Айта кетсек, АҚШ-тың Техас штатындағы Эль-Пасо қаласындағы сауда орталығында атыс болып, алдын ала ақпарат бойынша 20 адам қайтыс болған. Тағы 24 адам әртүрлі дене жарақатын алған.