$ 498.34  519.72  4.85

«Келеке ете бастады»: танымал блогерді өлтірген жігіт сотта оның жезөкше екенін айтты

Жалаңаш қыздың денесі Мәскеу пәтерінің бірінде чемоданнан табылған.

Мәскеулік танымал блогер Екатерина Семочкинаның өліміне тікелей қатысы бар Максим Гареев тұтқындалды. Қыздың денесі чемоданнан табылған. Көп ұзамай қайтыс болған адам эскортта жұмыс істегені, ал кісі өлтірушінің  қарсыластарымен салыстырғанына шыдай алмағаны белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kzақпарат агенттігі.

Жалаңаш қыздың денесі Мәскеу пәтерінің бірінде чемоданнан табылған. Аяғында - татуировкасы, белінде - ашық таңғыш, кеудесінде - бірнеше пышақ жарақаттары, айналасын - қан дақтарымен былғанған. Көз жұмған қыз - әйгілі мәскеулік блогер Екатерина Семочкина. Жүздеген мың оқырманы бар Instagram жұлдызы ауданында Раменки ауданындағы тұрғын үйлердің бірін жалға алып тұрған. Қыздың денесін қоңырауларға жауап бермей, желілерден жоғалып кеткенде пәтер иесі іздеп келгенде көрген. 

Бейнебақылау камерасына түсіп қалған кадрларға қарағанда қызға соңғы рет үстіне жейде мен қара шалбар киген ер адам келген. Ер адам подъезге кіргенде қолында пакеті болған. Ал үйден шыққанда үстіне джинс киіп, чемоданмен шыққан. Кейінірек хабарлағандай, бұл соңғы уақытта Мәскеуде тұрып, жұмыс істеп жүрген челябілік Максим Гареев екен. Ол жезөкшелердің қызметтерін пайдаланатын болған. Семочкинаға да осы мақсатта келіп жүрген. Әрине, тегін емес. Бірақ, бара-бара ақшасы таусыла бастаған. 

"Ол мені келеке қыла бастады. Оған тағы бір рет келіуім үшін бір ай ақша табуым керек екенін айтты. Бірақ мен жарты жыл немесе бір жылдан кейін келуім керек, себебі менде ақша жоқ", — дейді күдікті.

Құрықталған күдіктіден жауап алу барысында  өзіне дөрекілік көрсетіп, тіл тигізгені үшін пышақ алып қорқытпақ болған. Бірақ қылмысқа бару ойында болмағанын, бәрі аяқ астынан, ашу үстінде болғанын айтты. Оқиға болған соң, полиция шақырмай, ізін суытпақ болған.

"Бір чемоданға үш қанға малынған сүлгіні, оның халатын және үш телефонын жинадым. Ал басқа чемоданға қыздың денесін салып алғым келді, бірақ ол чемоданға сыймай қойды. Сондықтан мен оны алған жоқпын. Тек бірінші чемоданды ғана өзіммен алып кеттім", - деп мойындайды қылмыскер.

Бір жарым тәуліктен кейін ұсталған Максим Гареев бұлтартпау шарасы таңдалған сотта бетін қолмен жауып тұрды. Өйткені, сырт келбеті үшін уайымдады.  Сол кездегі түрі оған берілген "махаббат әулиесі" — Кен деген лақап атына сай келмеді. Танымал америкалық қуыршақ Барбидің бойфренді деген атақ Гареев бірнеше пластикалық операциялардан соң тартымды сымбаты үшін алған. Ауыр қылмысы үшін сотталып отырған Гареевтен Екатерина Семочкина туралы: "Сіз оны жақсы көрдіңіз бе?" - деп сұрағанда:

"Кімді Екатеринаны ма? Жоқ. Сіз не айтып тұрсыз? Ол жезөкше ғой. Оның профилін қарасаңыз болады. Барлық сайттарда бар", - дейді Гареев.

Әлеуметтік желілерге қарағанда, қыз белсенді өмір салтын жүргізіп, жүздеген жанкүйерлері болған. Ойын-сауық орындарында жиі демалып, кальян мен биді жақсы көрген екен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Ресей