$ 446.49  475.38  4.79

Нұртөре Жүсіп: «Үйрететін ұлтқа айнала аламыз ба?»

«Фейсбукте де сол көрініс».
Фото: ҚазАқпарат
Фото: ҚазАқпарат

«Айқын» газетінің бас редакторы Нұртөре Жүсіп әлеуметтік желінің күн өткен сайын қоғамға кері әсер етіп келе жатқанын айтты. 

«Қазір ватсапта неше түрлі чат бар. Орыстілді чаттарға қарасаңыз: көбінде нақты ақпарат таратылады, артық эмоция, бос сөз жоқ; ал өзіміздің чаттарда нақтылық шамалы, көбінше жалпылама, жөңкіл әсерге толы ақпарат, сосын ішкен ас пен жүрген жүріс суреттері, одан қалды бір-бірімен қырқысып, өсек пен өтірік желдей еседі...

Фейсбукте де сол көрініс. Әлеуметтік желіні ұлт пайдасына жарату үшін бұл алаңды ақылға ақыл қосатын, ой бөлісетін, ортақ мәмілеге келетін жерге айналдыруымыз керек еді; өкінішке қарай жеңіл-желпі нәрселердің айналасында жүрміз, біреу айтақ десе, ала жөнелетін үрлікпе, біреуді жабыла талайтын дүрлікпе желіге байланып тұрмыз! Әлем елдерінің жақсы нәрселерін үйрене отырып, үйрететін ұлтқа айналуымыз керек еді, негізі!», - деп жазды ол Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Журналист