$ 444.32  473.33  4.76

«Зорлық көргендер қорғалмайды»: «Тальгода» зорланған қыз қазақстандықтарға үндеу жасады

Келіншек әлі күнге дейін өз-өзіне келе алмай жүргенін айтты. Ол өмірінің күл-талқаны шыққанын және үрейі басым екенін де жеткізді.

«Тальгода» жолсеріктердің айуандығына іліккен келіншек Facebook желісіндегі «НеМолчиКЗ» тобында қазақстандықтар мен Елбасына үндеу жасады, деп жазады Sn.kz ақпараттық порталы.

«Құрметті қазақстандықтар, Тальгода зорланған қыз ретінде сіздерге үндеу жазып отырмын. Барлығыңызға алғысымды білдіремін. БАҚ жазылып жатқан барлық жаңалықтарды оқыдым. Сіздердің қолдауларыңызбен бұл іс жабулы қалмады. 

Елімізде ешқандай бала немесе әйел атаулылар зорлыққа тап болмаса екен деп тілеймін. Өйткені мен басымнан сұмдық жайтты өткердім. Ешқашан осындайға тап боламын деп ойламаппын» - деп алғысымен қатар, қолдаушыларға тілегін жеткізді ол.

Келіншек әлі күнге дейін өз-өзіне келе алмай жүргенін айтты. Ол өмірінің күл-талқаны шыққанын және үрейі басым екенін де жеткізді.

«Өзім көп оқыдым, жұмыс істедім, бірнеше елді араладым, әр елдің мәдениетін көріп-біліп, өз еліме үнемі сүйіспеншілікпен, сағынышпен оралатынмын. Елімде мені қорғайтын адамдардың барына сенетінмін. Сол түндегі оқиғадан кейін өмірімде енді сұмдық ештеңе болуы мүмкін емес. Демек, біздің елде зорлық көргендер қорғалмайды.

Осыған байланысты мен зорланған келіншек ретінде ел басшылығына және ҚР Парламентінің депутаттарына сексуалдық зорлық жасағандарға жазаны күшейтуді сұраймын. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінен зорландарға қатысты іс бойынша тергеудің жүру процесін бақылайтын бірыңғай алгоритм ойластыруды өтінемін», - деп жазды ол.

Еске сала кетейік, бұл оқиға 2018 жылдың қыркүйегінде болған. Ақтөбелік келіншек әлеуметтік желіде басынан өткенін жазып, артынша жұртты шулатқан болатын. 

Ал биыл 26 шілдеде жолсеріктерге қатысты сот үкімі шықты. Оларды 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру туралы шешім қабылданған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары