$ 494.87  520.65  4.91

Өзбекстанмен шекарадан 60 кг дәрі-дәрмек табылды

Белгісіз біреулер 60 келі дәрі-дәрмекті Өзбекстанмен шекарада тастап кеткен деп хабарлайды ҚР ҰҚК шекара қызметінен.

Ведомствоның мәліметінше, еліміздің оңтүстігінде орналасқан «Сарыағаш» шекара отрядының шекара наряды (қазақ-өзбек шекарасы) осы жылдың 5-желтоқсаны күні түстен кейін 15 сағат 00 мин. шамасында Өзбекстан жақтағы шекара қоршауынан асып келе жатқан белгісіз екі адамды байқайды.

«Келес өзеніне жақындай бере әлгілердің біреуі арқан алып, оны Қазақстан аумағына қарай құлаштап лақтырды. Содан кейін өзенді жүзіп өтіп, әлгі арқан арқылы Өзбекстан жағынан бері қарай әлдебір қораптарды өткізе бастады. Дегенмен, қазақстандық шекарашыларды байқап қалып, әлгі белгісіз адам Өзбекстан жағына қарай қашып құтылды»,-делінген хабарламада.

Әлгі қораптарды ашып қараған кезде оның ішінен салмағы 60 килограмм болатын дәрі-дәрмектер шықты. Қолға түскен олжаны Кіріс департаментіне беру жоспарлануда.
Аталған дерек бойынша құқыққорғау органдары хабарландырылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары