Қазіргі уақытта снарядтар жарылып жатқан Ресейдің Красноярск аймағындағы әскери бөлім қоймасында оқ-дәрілерді қайта өңдейтін он алаң бар. Әр учаскелік-алаңда 20 мың снаряд сақталған деп жазады Life.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Дәл қазір, 40 мың артиллериялық снаряд сақталған екі алаңда жарылыс болып жатыр.
20 шақырым қашықтықтағы елді-мекендердің тұрғындарын эвакуациялау жұмыстары жүргізілуде. Зардап шеккендер туралы мәліметтер пайда болды.
Еске салсақ, мұндай төтенше жағдай Арыс қаласында да болып, нәтижесінде мыңдаған үйлер қирап, төрт адам қайтыс болды.