06.08.2019, 14:25

Айырбастау пунктерінде валюталық операция жасайтын азаматтардың жеке мәліметтері тіркеледі

Фото: Sputnik Казахстан
Автоматтандырылған айырбастау пункті үшін бір рет жүргізілген айырбастау операциясының сомасы 500 000  баламасынан аспауы керек.

Ұлттық банк валюта айырбастау пункттеріне валюталық операциялар кезінде қазақстандықтардың жеке мәліметтерін тіркеуді міндеттейді, деп хабарлайды Stan.kz.

Осы мақсатта 51-тармаққа мынадай түзетулер жазылмақ:

«Әрбір айырбастау операциясы үшін тіркеу журналында келесі ақпарат жазылады: клиенттің жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелері (тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) (аты, әкесінің аты толық көрсетілген), құжаттың түрі, шығарылған күні, құжат нөмірі, қолданылу мерзімі); клиенттің жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болса); клиенттің заңды мекен-жайы.

Автоматтандырылған айырбастау пункті үшін бір рет жүргізілген айырбастау операциясының сомасы 500 000  баламасынан аспауы керек.

Бұған дейін Ұлттық банк айырбастау пункттерінің жұмыс уақытын таңғы 10-нан кешкі 19-ға дейін шектемекші болғандығы туралы хабарланды.