$ 498.34  519.72  4.85

Арыста 7 мектеп толық жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді

7 мыңнан астам маман тұрғын үй қорын қалпына келтіруде, қалған бөлігі әлеуметтік нысандарды іске қосумен айналысып жатыр.

Құрылыс және ТКШ істері комитетінің мәліметі бойынша, Арыс қаласында жалпы алғанда 9313 құрылысшы еңбек етуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

7 мыңнан астам маман тұрғын үй қорын қалпына келтіруде, қалған бөлігі әлеуметтік нысандарды іске қосумен айналысып жатыр. 6 тамызға дейін бригадалар 7 білім беру мекемесін толық жөндеуден өткізіп, пайдалануға тапсырды. Білім беру, денсаулық сақтау және спорт саласындағы 59 нысанның құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. 

Сондай-ақ, аптап ыстыққа қарамастан, құрылысшылар 2405 үйде косметикалық жөндеу жұмыстарын аяқтайды. Апатты деп танылған тағы 413 үй бұзылып, рекордтық мерзімде құрылысы салынып жатыр. 

Естеріңізге сала кетейік, әскери полигондағы жарылыстардан Арыс қаласы тұрғын үй қорының 85%-ы зардап шеккен еді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Арыс қаласы