Жаңа анимациялық сериал «Жандос және оның достары» деп аталады. Мақсаты - 5 жасқа дейінгі балаларға қазақ тілін үйрету дейді сценарий авторы Ринат Сүлейменов.
"Аталған телеөнім Жандос есімді бала туралы, ол кішкентай көрермендерге қазақ тілін және тарихын үйретеді. Мультфильм сюжеттері өте қызықты, балаңызды бастан-аяқ теледидар алдында ұстап отыра алады" дейді Р.Сүлейменов.
Түсірілім жұмыстарын жүргізген «SANA Media» компаниясы өкілдерінің айтуынша, анимациялық фильмді жасау үшін филологтар, режиссерлар, продюссерлер, сценаристер және танымал актерлар да тартылған.
"Қазір мектепке дейінгі жастағы балаларды теледидар алдында ұстап отыра алмайсың. Сонлықтан біз баланың көңілін аулайтын жаңалықтар енгіздік. Мультсериалдың әр сериасында жаңа бір оқиға айтылады, яғни бір бөлімі екінші бөліміне тәуелді емес"дейді «SANA Media» ЖШС директоры Құралбек Атамұратов.
Жалпы, телеөнім 50 сериадан тұрады және әрбірі нақты тақырыптарға негізделген. Әр серианың уақыты - 7 минут. Мультфильм көрсетілімі 2016 жылы "Балапан" арнасында жүргізіледі.