$ 494.87  520.65  4.91

5 мың әлеуметтік білім гранты: құжаттар қашан қабылданатыны анықталды

Конкурсқа қатысу үшін 2019 жылғы маусым айында өткізілген ҰБТ-да шекті балл жинау маңызды болып табылады.
Фото: Тұран Университеті
Фото: Тұран Университеті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен бөлінген 5 мың әлеуметтік білім грантын жергілікті атқарушы органдар конкурстық негізде үлестіреді. Бұл үшін облыс, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдерімен конкурстық комиссиялар құрылатын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі . 

ҚР Білім және ғылым министрлігінен мәлім еткендей, гранттарға көпбалалы немесе атаулы әлеуметтік көмек көрсетілетін отбасылардан шыққан балалар үміткер бола алады.

5 мың білім гранты өңірлерге әртүрлі бөлінген. Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласына - 165, Алматы қаласына – 190, Шымкент қаласына – 390, Алматы облысына – 540, Ақмола облысына – 390, Ақтөбе облысына – 180, Атырау облысына – 220, ШҚО-ға – 180, Жамбыл облысына – 460, БҚО-ға – 100, Қарағанды облысына – 195, Қостанай облысына – 85, Қызылорда облысына – 390, Маңғыстау облысына – 305, Павлодар облысына – 75, СҚО-ға – 60 және Түркістан облысына 1345 грант бөлініп отыр. 

Конкурсқа қатысу үшін 2019 жылғы маусым айында өткізілген ҰБТ-да шекті балл жинау маңызды болып табылады. 

«Ұлттық жоғары оқу орындарына түсу үшін ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесі бойынша – кемінде 65 балл, басқа жоғары оқу орындарына – кемінде 50 балл, «педагогикалық ғылым» бағыты бойынша – кемінде 60 балл жинау керек. 

Конкурсқа құжаттар 5 мен 10 тамыз аралығында қабылданады. 

Білім гранттарын тағайындау және жоғары оқу орындарына қабылдау 25 тамызға дейін жүргізіледі», - деді ҚР БҒМ-нан. 

Грант иегерлерінің тізімін әкімдік жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайтын болады. 

Еске салайық, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балаларына 5 мың білім гранты бөлінді. 

«Әзірше 5 мың, одан кейін бұл жүйе жұмыс істейтін болса, көре жатармыз», - деді Қ.Тоқаев. Президент бұл жұмыстың маңызды элементі әлеуметтік аз қамтылған халықтың ішінен талантты балалар мен жасөспірімдерді оқыту және жоғары оқу орындарына түсуге дайындау жүйесі болатындығын баса айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#білім гранты