Бір жарым жасар жиенін зорламақ болған бозбала 20 жылға сотталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Kaktus media-ға сілтеме жасап.
Бұл оқиға Бішкекте 2017 жылдың қыркүйек айында болған. 1988 жылғы Нұрбек ағасына үй салуға көмектесуге келіпті.
Әрдайым ағасының бір жарым жасар қызын ойнатып жүретін ол 15 қыркүйекте сағат 17.00. шамасында сәбиді көтеріп, екінші қабатқа көтеріліп кеткен. Бұл уақытта бүлдіршіннің әкесі ұйықтап жатқан. Ал анасы үй шаруасымен жүріпті.
Әдеттегідей баланы ойнатқан бозбала, оның жөргекқабын шешіп өз ісін тындырған. Одан соң шауқатын жөргекқаппен сүртіп, оны балаға қайта кигізіп қойған. Ештеңе болмағандай 2016 жылғы қызды төменге түсіріп жібереді.
Бірақ анасы жөргекқапты көріп, ондағы нәрсенің еркектің шауқаты екенін біліп қойған. Сөйтіп күйеуіне айтып, дереу милицияға хабар берген.
Жігіт сотта өз кінәсін жартылай мойындаған. Ол қызды зорламағанын айтып, «тек сыртынан ұстап бітірдім» деген.
Ағасы осы уақытқа дейін кішкентай қызын соның жанына тастап келіпті.
Дәрігерлер баланың еш жері бүлінбегенін, одан зорлық-зомбылық белгілері табылмағанын айтқан.
Сот сотталушыны ақырында айыпты деп танып, оны 20 жылға бас бостандығынан айырды.