$ 494.87  520.65  4.91

1 қыркүйекте салтанатты сап түзеу жиыны бола ма? - Білім министрлігі жауап берді

«Білім туралы» заңға сәйкес, Қазақстанда балалар бірінші сыныпқа алты жастан бастап барады.

Білім күні жексенбіге түсетініне қарамастан, 1 қыркүйек күні Қазақстанның барлық мектебінде салтанатты сап түзеу жиыны өтеді. Ақпаратты Sputnik Қазақстанға білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі растады.

«Сап түзеу 1 қыркүйекте өтеді, дегенмен бұл күні мектеп оқушыларына сабақ болмайды», - деп хабарлады Білім және ғылым министрлігі.

«Білім туралы» заңға сәйкес, Қазақстанда балалар бірінші сыныпқа алты жастан бастап барады.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, ата-аналардың көпшілігі балаларын мектепке алты жастан жібереді. 2014 жылы алты жасар балалардың 60%-і мектепке барса, 2018 жылы олардың саны 80%-ке дейін өскен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары