$ 443.35  475.54  4.82

Астанада ақылды аялдамалар пайда болады

Елордадағы аялдамалар электронды ақпараттандыру құралдарымен жабдықталатын болады, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Астана әкімдігінің баспасөз қызметінің ақпаратына жүгінсек, қала тұрғындары мен қонақтарының басым бөлігі қоғамдық көлікті пайдаланады. Осы орайда, жолаушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында ұдайы жайлы автобустар сатып алынады, маршруттық желілер кеңейтіледі, аялдамалар да жабдықталады.

«Қазіргі уақытта Кенесары көшесі, Республика және Қабанбай батыр даңғылдарында орналасқан аялдамаларда қалалық жолаушылар көліктерінің жүру бағыттарының кестелері көрсетілген. Бірақ ол қосымша ақпарат бермейді», делінген хабарламада.

Астана қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы хабарлағандай, осыған байланысты бүгінде жаңа электронды ақпараттандыру жобасы әзірленіп жатыр. Жоба белгілі бір қалалық автобустың бағытын және оның аялдамаларға тоқтау уақытын бақылауға мүмкіндік береді. Аталған жоба келер жылы жүзеге асырылмақ.

Айта кетейік, Астанада 956 аялдама пункті бар, соның ішінде 592-сі еуропалық стандарттарға сай павильондармен жабдықталған. Сондай-ақ, 8 автопарк 50 бағыт бойынша қызмет көрсетеді. Кәсіпорындарда 890 автобус жұмыс істейді. Үстіміздегі жылы бұл көрсеткіш 350 бірлікке ұлғайтылмақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары