$ 448.15  483.46  4.86

«Суы аздап тұздылау»: Асанәлі Әшімов жас келіншегімен Алакөлде жүр

Демалып жүрген кезден актердің жас келіншегі Бағдат Әшімова әлеуметтік желідегі парақшасына сурет жүктеді.

Аты аңызға айналған актер Асанәлі Әшімов отбасымен Алакөлде демалып жүр, деп хабарлайды Sn.kz ақпараттық порталы. 

Демалып жүрген кезден актердің жас келіншегі Бағдат Әшімова әлеуметтік желідегі парақшасына сурет жүктеді.

«Алакөл. Керемет демалыс болды. Суы аздап тұздылау, жанға жағымды. Отандық туризмнің дамуына үлес қосайық, достар!», - деп жазба қалдырды актердің өзінен 34 жас кіші жары.

Актердің отбасына сүйсіне қараған жұрт желіде екеуіне бақыттың баянды болуын тілеп, ақжарма тілектерін ақтарып жатыр.

«Керемет! Жігіттің сұлтаны. Ұзақ өмір берсін!», «Бағдат, сені тәрбиелеген ата-анаңнан айналайын!», «Алакөлдің суы шипа болсын!», «Демалыстарыңыз сәтті өтсін!» - деп пікір қалдырды желі қолданушылар.

Айта кетсек, Асанәлі Әшімов қазіргі жарына 2002 жылы үйленген. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары