$ 494.87  520.65  4.91

1,6 млн теңге: 47 мың теңге пара алған азаматқа айыппұл тағайындалды

Сотталушы өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазымды қызмет атқару құқығынан айырылды.

Жамбыл облысы Көліктік бақылау инспекциясы Мемлекеттік қызмет көрсету және ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің басшысы парамен ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат, облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі департаментіне сілтеме жасап. 

«Жамбыл облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің департаменті осы облыстағы Көліктік бақылау инспекциясы Мемлекеттік қызмет көрсету және ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің басшысы С. Қайнарбаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Ол ауыр салмақты және ірі көлік құралдарын Қазақстан Республикасы аумағында жүргізуге арнайы рұқсат бергені үшін 47 мың теңге пара алған», - деп хабарлады облыстық департаменттің баспасөз қызметі. 

5 тамыз күні Тараз қаласының №2 сотының үкімімен С. Қайнарбаевқа 1,6 млн теңге айыппұл тағайындалды. 

«Айыппұл үкім өз күшіне енген сәттен соң, 1 ай мерзімде төленуі тиіс. Төленбеген жағдайда, жаза бас бостандығынан айыру түріне ауыстырылады», - делінген хабарламада. 

Сотталушы өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазымды қызмет атқару құқығынан айырылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#жолсерік