Шымкентте мүмкіндігі шектеулі жандар оларға қарастырылмаған салықтарды төлеп келген, – деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі қалалық прокуратураға сілтеме жасап.
Қадағалаушы орган қызметкерлерінің мәліметінше, Салық кодексіне сәйкес мүгедектер жылжымалы және жылжымайтын мүлікке салық төлеуден босатылған. Алайда, салық органдары аталған санаттағы азаматтардан заңсыз салық төлеуді талап етіп келген.
«Прокуратура органдарының ықпал етуімен аталған салықтарды төлеп келген мүмкіндігі шектеулі 1 200 азаматтың құқығы қорғалып, оларға заңсыз салынған салық төлемдері қайтарылған», – делінген хабарламада.
Қадағалау органдары жүргізген тексеру және талдау жұмыстарының нәтижесінде 433 мың азаматтың құқықтары қорғалды.