$ 444.22  476.38  4.82

Алматыда 5 адамнан тұратын отбасы түсініксіз жағдайда жоғалып кетті

Отбасы 4 тамыздан бері байланысқа шықпаған.

Алматыда түсініксіз жағдайда бір бес адамнан тұратын отбасы жоғалып кетті, деп хабарлайды Тengrinews.kz агенттігі. Іздеу туралы ақпаратты қоғам белсендісі Ислам Угушев Facebook желісіндегі парақшасында жариялады. 

Оның жазуынша, 41 жастағы Андрей мен 39 жастағы Наталья Чурулиндер жоғалып кеткен. Олармен бірге үш баласы - Ангелина (12 жаста), Давид (9 жаста) және Даниил (7 жаста) де табылмай жатыр. Отбасы 4 тамыздан бері байланысқа шықпаған.  

«Тұратын жерлерінде ешкім есік ашпайды, көршілері де отбасының қайда екенін білмейді. Ерекше белгілері - ересектер мен балалардың бәрі мылқау, ымдасып сөйлеседі. Бір жаққа кетететіндерін ескертпеген. Әйелі мен күйеуі - 35-40 жас шамасында. Бойлары ұзын. Денелері ірі. Шаштарының түсі ашық», - дейді туыстары.  

Чурилиндер отбасы туыстарымен соңғы рет 3 тамызда сөйлескен. 4 тамызда әлеуметтік желіге кірген. Отбасының жақындары Алатау ауданының полициясына жүгінген.  

Ислам Угушевтің жазуынша, полиция отбасының көлігін 4 тамызда таңертең Қапшағай автожолындағы камерадан көрген. Алдын ала мәлімет бойынша, отбасы Іле өзеніне балық аулауға кеткен. Андрей Чурилин 2001-2002 жылғы, мемлекеттік нөмірі A094ZOO, көк түсті Mazda 323 автокөлігін тізгіндеген.  

«Алматы қаласы мен Алматы облысының тұрғындарына өтініш: іс-түссіз жоғалып кеткен отбасын іздеуге көмектесіңіздер. Кез келген маңызды мәліметті төмендегі телефон нөмірлеріне хабарлай аласыздар: +7 777 044 37 50 - Дмитрий, +7 707 252 61 00 - Қоғамдық Қауіпсіздік Кеңесі», - деп жазылған хабарламада. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары