Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Қытайдағы елшісі Шахрат Нұрышевті қабылдады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме беріп.
Шахрат Нұрышев Мемлекет басшысына оның биылғы 11-12 қыркүйекке жоспарланған Қытайға сапарына дайындық барысы жөнінде мәлімет берді.
Президент Бейжіңде өтетін алдағы келіссөздердің маңыздылығын атап өтіп, елшіге бірқатар нақты тапсырма берді.