$ 498.34  519.72  4.85

Арысты қалпына келтіруге көмектескен компанияның қызметкері қайтыс болды

Елорда билігі қайтыс болған қызметкердің туған-туыстарына материалдық көмек көрсетуге уәде берді.

Арысты қалпына келтіру жұмыстарына қатысқан «Астана-АЭК» компаниясының қызметкері Арыс-Шымкент тас жолында көлік апатынан қаза тапты, деп хабарлайды Sn.kz ақпараттық порталы, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Қаза болған Ермек Тютюбеков Арыстағы жарылыстардан қираған тұрғын үйлерді жөндеуге қатысу үшін Нұр-Сұлтан әкімдігінен жіберілген. Ол 8 тамызда жол-көлік оқиғасы салдарынан көз жұмды, Тютюбеков көлік тізгінінде отырған. Әкімдіктегілер оның отбасы мен жақындарына көңіл айтты. 

«Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі Түркістан облысының Арыс қаласындағы үйлерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін іс-сапармен жіберілген «Астана РЭК» АҚ компаниясының қызметкері Тютюбеков Ермек Сейітбекұлының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты оның жақындары мен туған-туыстарына қайғырып көңіл айтады», - деп хабарлады әкімдіктегілер.

Елорда билігі қайтыс болған қызметкердің туған-туыстарына материалдық көмек көрсетуге уәде берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары