$ 447.4  477.55  4.76

Ерейментаудағы 2 күнге созылған дала өрті сөндірілді

Тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖД жеке құрамынан 52 адам мен 12 арнайы техника жұмылдырылған.

Ақмола облысының Ерейментау ауданындағы дала өрті сөндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі, аймақтық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Ерейментау ауданында өрт сөндірушілер екі тәулік бойы арпалысып жүріп, дала өртін сөндірді. Тілсіз жау тамыздың 11-і күні сағат 09:30-да ауыздықталып, сағат 15:50-де сөндірілді. 9 тамызда Қойтас ауылдық округінің аумағындағы Қаратал және Масақпай жайлауында да өрт шыққан болатын. Жалын 300 гектар аумақты шарпыды. Зардап шеккендер жоқ», - дейді ведомстводан. 

Ведомствоның мәліметіше, тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖД жеке құрамынан 52 адам мен 12 арнайы техника, «Ерейментау» орман шаруашылығының 14 жұмысшысы мен 3 техникасы, жергілікті атқарушы органдардың 112 қызметкері мен 18 техникасы, «KazHorseMugalzhar» ЖШС-ның 6 жұмысшысы мен 2 техникасы және «Қырманбай» ШҚ-ның 2 техникасы жұмылдырылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Ерейментау