$ 494.87  520.65  4.91

Нұр-Сұлтанда әйелді жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген ер адамды ұстауға ит көмектесті

Күдіктінің ізін суытпай, оны ұстауға ит көмектесті.

Иттің ерлігі еленді. Елордада зорлықшыны ұстауға көмектескен Сергей Горбунов пен оның Дэни атты итіне полицейлер алғыс білдіріп, тіпті сыйлық тарту етті, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Зорлықшыны ұстауға көмектескен Дэни атты ит пен иесі Сергей Горбунов марапатталды. Күдіктінің ізін суытпай, көмек сұраған келіншекке болысқан ит пен иесі осылайша келіншекті зорлықшылардан аман алып қалған.

"Кеше 11-і күні белгісіз 1984 жылы туған азамат азаматшамен жыныстық қатынасқа түсіп, ұсталды. Қазір сот сараптамасы тағайындалып, соның қорытындысын күтіп отырмыз", - дейді қалалық Полиция департаментінің Сарыарқа аудандық полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Дулат Жұмағұл.

Оқиға Нұр-Сұлтан қаласындағы Алтынемел көшесінде болған. Итімен серуенге шығып, жартылай жалаңаш келіншектің көмекке шақырғанын естіген Сергей Горбунов бірден полиция қызметкерлеріне қоңырау соғады. Алайда, таксиге отырып қашпақ болған күдіктілердің бірін жіберіп алмайын деген оймен күшігі екеуі зорлықшыға қарай жүгіре жөнеліп, оны көліктен сүйреп шығарған.

"Олардың ішімдік ішкені сезіліп тұрды. Бірақ қысым көрсетіп, қарсылық танытпады. Тек біреуі қашуға ұмтылды.  Оларды ұстауға итім көмектесті. Дэни жауынгерлік, қорғаныс, шабуылдау, аңшылыққа емес, тек жүгіруге арналған. Бес жылдан бері серігім", - дейді қала тұрғыны Сергей Горбунов.

Қазіргі таңда қылмыстық кодекстің 120-бабы бойынша тергеу жұмыстары басталып кеткен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Нұрсұлтан