13.08.2019, 22:25

Елордада дауылды ескерту жарияланды

Дауылды ескертудің ықтималдылығы 90-95%.

Нұр-Сұлтан қаласында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Елорда Инфо  Қазгидрометке сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан қаласында 14-15 тамызда найзағай күтіледі. Күндіз 15 тамызда бұршақ жауады, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

14-15 тамызда Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі, оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстікке ауысады, күші 15-20 м/с, күндіз 15 тамызда екпіні 25 м/с.

Дауылды ескертудің ықтималдылығы 90-95%.