14.08.2019, 22:08

50-ге жуық әйел дағдарыс орталығына жіберілді

Кәмелетке толмағандар тарапынан орын алатын құқық бұзушылықтың алдын алуға ерекше назар аударылды.

ҚР ІІМ баспасөз қызметі 7-13 тамыз аралығында республика аумағында өткізілген «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындысымен бөлісті, деп жазады BAQ.KZ.

Бұл іс-шараның негізгі мақсаты - ІІО-да профилактикалық есебінде тұрғандарды тұрғылықты жері бойынша тексеру, спирттік ішімдіктерді, есірткі және уытты заттарды мөлшерден артық пайдаланып, отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынаста құқық бұзушылыққа жол беретіндерді анықтау және есепке қою, сондай-ақ олардың тұрмыста қылмысқа баруына жол бермеу және әкімшілік құқық бұзушылықтардың жолын кесу.

Кәмелетке толмағандар тарапынан орын алатын құқық бұзушылықтың алдын алуға ерекше назар аударылды.

«Іс-шараға жергілікті атқарушы және мемлекеттік органдардың, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Тәулік бойы Сенім телефондары жұмыс істеді, оларға тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері бойынша 500-ден астам өтініш келіп түсті, соның негізінде 46-дан астам әйел дағдарыс орталықтарына жіберілді, қажет болған жағдайда заңдарға қатысты кеңестер берілді», - деп хабарлады ІІМ-де.

Тегтер: әйелдер