Бұл туралы президент өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды.
Мемлекет басшысы үкіметке шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды.
«Казахстанская правда» газеті Щучинск-Бурабай курорттық аймағындағы ағаштарды кесу дерегі жөнінде жазды. Ұлттық байлықты жоюға қатысты өрескел әрекетке су құбыры жолының құрылысы сылтау болып отыр. Үкімет және әкімдік шұғыл шаралар қабылдауы тиіс», - деп жазды Тоқаев.