$ 446.49  475.38  4.79

Демалыс күндері ОҚО-да 10 жол апаты орын алып, 5 адам қайтыс болды

Өткен аптаның сенбі-жексенбісінде Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында 10 жол көлік оқиғасы орын алып, 5 адам қайтыс болды және тағы 10 адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген деп хабарлайды ОҚО ІІД баспасөз қызметі.

6 желтоқсан күні Арыс қаласындағы жол қиылыстарының бірінде «БМВ» маркалы көлік жүргізушісі жол ережесін бұза отырып, «Хюндай» көлігімен соқтығысқан. Оқиға орнында «Хюндай» көлігінің 1995 жылы туған жолаушысы қаза тапса, ауруханада сол көлікте болған екінші жолаушы - 45 жастағы әйел қайтыс болды. Жүргізушісі болса түрлі дене жарақаттарымен дәрігерлер бақылауына алынған. Аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Басты күдікті ешқайда кетпеу туралы қолхатпен үйіне жіберілген.

Ал, сенбі күні Шымкент қаласында қайғылы оқиға орын алды. Кешкі жетілер шамасында Ақназар хан көшесін кесіп өтпек болған 73 жастағы қарияны белгісіз маркалы көлік қағып кетіп, жүргізушісі оқиға орнынан ізін суытқан. Жәбірленуші болса ауруханаға барар жолда жан тапсырды. Қазір қашып кеткен күдіктіні іздеу жаралары жүргізілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары