Жаңалықтар 16.08.2019 сағат 10:05

«Қуды мыналарың»: желіде жас жұбайларды шикі етпен аластаған ВИДЕО елді шулатты

Елімізде жоқ салтты жасы 50-ді еңсерген әйел адамның жасап жатқанын көруге болады.
«Қуды мыналарың»: желіде жас жұбайларды шикі етпен аластаған ВИДЕО елді шулатты
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Әлеуметтік желіде жаңа отау құрған жастарды дастарханның астына алып, үстінен шикі ет айналдырғандар елді шошытты, деп жазады Skifnews.kz ақпараттық порталы.

Жұртты шулатқан видео Instagram-дағы @kaz_stars парақшасында жарияланған. 

Елімізде жоқ салтты жасы 50-ді еңсерген әйел адамның жасап жатқанын көруге болады. «Алас, алас, пәле-жаладан алас» деген сөзді де естуге болады.

Жұрттың үрейін тудырған бұл видеоға пікір қалдырушылар саны азаяр емес. Бұны көпшілігі оңтүстіктің тумалары ойдан шығарған деп топшылауда.

«Оңтүстікте ондай салт жоқ, бәрін бізге тыға бермеңдер», «Өкпемен қағу деген үйленген кезде жасалатын дəстүр емес,адам қатты сырқаттанғанда,білетін тəуіп,молдалар ауру адамды өкпемен қағып аластайды», «Қазақта мұндай салт жоқ, ойларына келгенді істемеңдер», «қазақтар емес-ау», «қуды мыналарың», - деп шуласты желі қолданушылар.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Бүгін, 14:50 Ескі үйдегі елес
Қызықты материалдар