$ 446.49  475.38  4.79

Алматыда 5 цех алкоголь өнімдерін жасырын өндірген

Жалған акциздік маркаларды сатудың 3 фактісі тіркелді.

Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеулер департаментінің қызметкерлері алкогольдің көлеңкелі айналымын анықтауға бағытталған дөңгелек үстел өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі. 

Жиынға шарап және арақ өнімдерін шығаратын зауыттардың өкілдері мен спирттік ішімдіктердің дистрибьюторлары қатысты.

Дөңгелек үстел барысында басқарма басшысы Бахтияр Жүзенов спирт пен алкогольдің көлеңкелі айналымын азайту мақсатында департаменттің жедел қызметкерлері жұмыс істеп жатқанын айтты. Бұл топ контрафактілік (жалған) спирттік ішімдіктер өндірумен және сатумен, жалған тіркеу, бақылау белгілерімен, сондай-ақ белгілер қоюмен айналысатын қылмыстық топтарды анықтауға бағытталған.

«Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша, Алматы қаласының аумағында алкоголь өнімін өндіретін 5 жасырын цех анықталды. Жалған акциздік маркаларды сатудың 3 фактісі тіркелді. Нәтижесінде сотқа дейінгі 8 іс қозғалды», - деп хабарлайды департаментегілер. 

Дөңгелек үстелдің қорытындысына сәйкес, Алматы қаласында спирттік ішімдіктің көлеңкелі айналымын шектеу бойынша ынтымақтастық туралы шешім қабылданды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары