$ 494.87  520.65  4.91

14 жастағы қыз ішімдікке тойып алған: ол Алматыдағы метродан құлады (ВИДЕО)

Оқиға орнына қыздың анасы шақырылып, олар жедел жәрдеммен бірге токсикология бөліміне кетті.

Желіде метро ішінен бір адамды көтеріп алып шығып, жедел жәрдем көлігі алып кеткен сәттің видеосы пайда болды. Не болғанын Алматы метрополитенінің баспасөз қызметі айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға «Жібек жолы» бекетінде 15 тамыз күні орын алған.

14 жастағы қыз бала қатты мас күйде, не істеп, не қойғанын білмейтіндей күйде болған. Метро қызметкерлері оны полицияның қолына тапсырды. Оқиға орнына қыздың анасы шақырылып, олар жедел жәрдеммен бірге токсикология бөліміне кетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары