21.11.2015, 11:59

Шымкент балалар мен жасөспірімдер футболын дамытпақ

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов «Жас қыран» лигасының құрылуы жөнінде Қазақстанның балалар және жасөспірімдер футбол лигасының атқарушы директоры Б.Есмағамбетовты қабылдады.

Кездесуде балалар және жасөспірімдер арасындағы футболды дамыту жөніндегі жоспарлар айтылды. Лиганың негізгі мақсаты - жарыстарда футболшылардың жеңіске ұмтылуын жетілдіріп, ауыл-аудан аралық жарыстарды ұйымдастыру. Сонымен қатар, қала және облыс аумағында өтетін спорттық жарыстарды алдағы уақытта Республика деңгейіне шығару жоспарланды. 

Айта кетейік, 2015 жылдың тамыз айында «Қазақстанның Футбол Федерациясы» аясында бірінші рет «Жас қыран» балалар және жасөспірімдер футболының лигасы құрылды. Ал қараша айында Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Қарағанды, Алматы облыстарының және Алматы қаласының құрама командалары арасында алғашқы лига чемпионаты өтті. Алдағы уақытта еліміздің барлық облыстары мен қалаларында филиалдарын ашуды жоспарлап отыр.