Атырау облысындағы Бейбарыс ауылында 12 тамыз күні асылып қалған қыз бен жігіттің денесі табылды деп хабарлайды Ақ Жайық.
Расталмаған деректерге сәйкес, қайтыс болған жігіт - 20 жаста, ал қыз - 18 жаста болған. Марқұмдарды үйдің ауласындағы душтан тауып алғаны айтылуда.
Басылымның мәліметінше, қыз Бейбарыс ауылында, жігіт Талдыкөл ауылында тұрған.
Екі жас бұрыннан таныс екені хабарланды, алайда олардың ара-қатынастары жақын болған-болмағаны белгісіз.
Одан бөлек, бойжеткен қыз биыл медициналық колледжге түскен.
Аталған дерек бойынша тергеу басталды.