$ 446.49  475.38  4.79

Павлодарда полицейлерді балағаттағандар 2 күнге қамалды

Осы әрекеті арқылы ӘҚБтК 434-бабының 1-бөлігімен көзделген құқық бұзушылық жасады деп оған айып тағылды.

Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік соты ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған қала тұрғынына қатысты әкімшілік істі қарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат pavlodarnews.kz сілтеме жасап. 

Іс-материалдарына сәйкес, құқық бұзушы Л. масаң күйде Усолка көшесінде, жағалауда, полиция қызметкеріне былапыт сөйлеген. 

Осы әрекеті арқылы ӘҚБтК 434-бабының 1-бөлігімен көзделген құқық бұзушылық жасады деп оған айып тағылды. 

«Сот қаулысымен қала тұрғыны әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды және 2 тәулікке қамаққа алу түріндегі әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Қаулы заңды күшіне енді», - делінген соттың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Елбасы