$ 449.3  489.69  4.89

Тамылжыған тамызда жеміс ағаштары Тараздан кейін Атырауда гүлдей бастады

«Ағаштардың бұлай гүлдеуі оларды әлсіретеді. Егер гүлі өте көп болса, ағаш қыста өлуі де мүмкін», – дейді бағбан.

Тамыз ортасынан ауа Атырауда да жеміс ағаштары қайта гүлдей бастады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Атырауда ағаштар тосын мінез танытып отыр. Өңірдегі алма және алмұрт ағаштары қайта гүлдей бастады. Белгілі бағбан Зоя Кислицынаның айтуынша, бұған ауа райындағы күрт өзгерістер себеп. Ұзақ уақыт бойы сақталған 40 градустық аптап ыстықтан кейін күн салқындай түсіп, артынша тағы да 40 градусқа дейін көтерілді.

«Ағаштардың бұлай гүлдеуі оларды әлсіретеді. Егер гүлі өте көп болса, ағаш қыста өлуі де мүмкін. Бірақ әзірше ондай қауіп жоқ. Ағаштар қыстан аман шығады деп үміттенеміз», - дейді Зоя Кислицына.

Еске сала кетсек, осыдан бірнеше күн бұрын ғана Тараздағы алма, алмұрт, шие ағаштары екінші рет гүлдеген еді. Сол сәтте де мұндай жылдам вегетация – жауын-шашыны қосарлана келген ерекше ыстық ауа райының салдары екендігі айтылған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары