$ 449.3  489.69  4.89

Журналист: «Полицейдің міндеті – адамдардың қолын қайырып, дубинкамен ұру емес»

«Бір жасөспірім магазиннен көйлек, нәски мен галстук ұрлап жатқанда ұсталып қалыпты».

Жолымбет Мәкіш есімді журналист еліміздегі полицейлер хақында сөз қозғап, олардың қызметіне көңілі толмайтынын жеткізді. 

«Киім сататын дүкеннен шақырту түсіп, сонда келіп жеткен канадалық полицей екен. Бір жасөспірім магазиннен көйлек, нәски мен галстук ұрлап жатқанда ұсталып қалыпты. Ол баланы бір жерге жұмысқа шақырған ғой. Көйлекті, галстук пен нәскиді сол үшін ұрлапты. Полицей қайткен дейсіз ғой? Әлгі жігіттің ұрлап алған киімдерін сатып алып беріпті де, өзін қоя бере салыпты. Кейін ол жігіт жұмысқа тұрып кетіп, полицейге алғыс айтқан екен. Біздегі полиейлердің көбі өз міндетін түсіне бермейді. Тәртіп сақшысының міндеті – адамдардың қолын қайырып, автобусқа тығып, пара алып, қолына түскен адамдарды бас-көзіне қарамай дубинкамен ұру емес, халыққа көмектесіп, қоғамды ізгілендіруге атсалысу болса керек!»,- деп жазды ол Facebook әлеуметтік желісіндегі  парақшасына.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#полицей