$ 449.3  489.69  4.89

«4 айлық екен»: ағасы үздіксіз зорлап келген 21 жастағы тараздық қыз жұрттан ақыл сұрады

«Содан бері үйдегілер кетсе болды бөлмеме жетіп кеп, шешініп, маған білгенін істейді».
zk.oblast.online
zk.oblast.online

21 жастағы тараздық бойжеткен туған ағасынан зорлық көргенін айтып, желі қолданушыларынан ақыл сұрады. İnstagram әлеуметтік желісіндегі @kutpedim парақшасына жолдаған хатын өзгеріссіз назарларыңызға ұсынамыз.

«Жасым 21-де. Осыдан 5 ай бұрын үйдегілер тойға кеткенде туған ағам ішіп кеп зорлап тастады. Содан бері үйдегілер кетсе болды бөлмеме жетіп кеп, шешініп, маған білгенін істейді.

Анам 3 жыл бұрын қайтыс болған. Әкеме айтуға қорқам. Не ақыл сұрар тәтем жоқ.

Жақында тест алып көрдім, жүкті екенмін. УЗИ 4 ай дейді. Баламды өлтіргім келмейді. Дәрігер сау боп туатынына кепілдік бермей отыр. Не істесем болады?», - деп бойжеткен ақыл сұрады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#отбасы