$ 444.32  473.33  4.76

«Жаңа арт-объект»: Алматыда асфальтке «қадалып» қалған көліктің ВИДЕОсы жұртты таңғалдырды

Видеоға қарап, автокөліктің бұндай жағдайға қалай тап болғанын түсіну мүмкін емес.

Әлеуметтік желіде асфальтқа қадалып қалған көліктің видеосы тарап кетті, деп жазады Skifnews.kz ақпараттық порталы. 

Аталмыш видео Instagram-дағы @kris_p_kz парақшасында жарияланды. Ақпараттарға сүйенсек, видео Алматыда түсірілгенге ұқсайды.

Видеоға қарап, автокөліктің бұндай жағдайға қалай тап болғанын түсіну мүмкін емес. Себебі, Daewoo Nexia көлігін асфальтқа әдейі «қадап» қойған сияқты. Көлік, бәлкім, шұңқырға түсіп кеткен болар. 

Желі қолданушылары жарияланған видеоның астына неше түрлі жазба қалдырып жатыр.

«Қалада жаңа арт-объект пайда болды ма?», «бұл өзбек ағайынның «сыйлығы», «тек Алматының қала көшелерінде Нексияларды өсіріп шығарады», - деп қызықты пікір қалдырды олар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары