19.08.2019, 17:00

Мас қостанайлық жігіт телемұнарадан секірмек болған

Ақпаратты облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Уәлихан Досанов растады.

Қостанай облысының Денисов ауданында ер адам өзіне қол жұмсамақ болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақпаратты облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Уәлихан Досанов растады. Оқиға кезінде департамент мамандары тәртіп сақшыларына көмекке келген.

«Денисов ауылындағы телемұнарадан 1992 жылы туған ер адам түсірілді. Оның мас күйінде болғаны анықталды. Құтқару жұмыстарына полицейлер мен ТЖД қызметкерлері қатысты. Суицидтің алды алынды. Оны тергеп-тексеруге негіз жоқ», - деді У.Досанов.

Құтқару орнына ТЖД-ның бес қызметкері аттандырылды. Ер адам бірден үйіне жеткізілді.